Қызылорда облысында мал шаруашылығы саласын жандандыруды қолға алу мәселелері қолға алынды, деп хабарлайды облыстық интернет-газет.
Биыл Қызылорда облысы бруцеллезге қарсы шараларының нәтижесінде буферлік аймақтан шығады. Өз кезегінде ол мал шаруашылығын жандандырып, тіпті ет өнімдерін экспорттауға да шығаруға болады. Бұл туралы аймақ тұрғындарымен өткен интернет-конференция барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев хабарлады.
Әкімнің айтуынша, жақын арадағы жоспарғда аймақта қуаттылығы жылына 7 мың тонна қой етін өндіретін ет комбинатының құрылысы басталмақ.
«Мал жайылымдарын ары қарай дамытып, ірі қараларды бордақылау алаңдарын саламыз. «Сиыр етін экспорттау потенциалын көтеру» жобасын іске асыру аясында ҚР Ауылшаруашылық Министрлігі мен облыс арасында 100 тонна сиыр етін экспорттау жөнінде меморандумға қол қойылды. Осыған байланысты биыл ет экспортын ұйымдастыру үшін Қызылордада ет және сүт өнімдерін өндіру орталығы іске қосылды», - деді Қ.Көшербаев.
Айта кетейік, аймақта мал басы жылдан-жылға артып келеді. Оған фермерлерді қолдайтын мемлекеттік бағдарламалардың септігі тиіп отыр. Осы саланы дамыту үшін облыстық бюджеттен 2,2 млрд. теңге бөлініп, шаруашылықпен айналысуға ниет білдіргендерге мал басын көбейтуге, жем-шөбіне субсидия түрінде бөлінген.