Жастар бірлік пен белсенділікті маңызды санайды

Аймақ
11.08.2015, 10:19

Қызылорда облысының жастар ресурстық орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жүзеге асырудағы жастардың рөлі туралы дөңгелек үстел барысында әңгімеледі.

Дөңгелек үстел барысында Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы А.Батырбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасы - мемлекеттік қызмет көрсетулерді қамтамасыз етіп, сапалы деңгейде экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыра алатын  кәсіби мемлекеттік аппаратты құру аспектілерін түсіндірді.

Институционалдық реформалар мемлекеттік қызметтегі кадрлық саясатты өзгертуге, мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшуге, жалпы мемлекеттік қызметтің тиімді жұмысын реттеуге жағдай туғызады.

«Біздің Президент Н.Ә.Назарабев айтып өткендей, мемлекеттік қызметтерге тек ең адал, дарынды және дайындалған азаматтар келе алады, ал олардың еңбекақысы жұмыс сапасына байланысты болады. Бұл дегеніміз, өте мықты бәсекелестік болады және тек үздіктер мемлекеттік қызметке түседі және қалады, – деп атап өтті А.Батырбаев.

Дөңгелек үстел барысындағы түсіндірмелер мен пікірлерді қорытындылай келе, жастар өмірлік жолын, оқу, кәсіби мансап таңдауда жас ұрпақ үшін бірдей мүмкіндіктер құрылуын ерекше тоқталып, өте көптеген жағдайлар олардың бей-жай еместігінен, белсенділігіне байланысты екендігін атап өтті.

Сұхбат

PhotoRoom