Қызылорда Қазақ хандығына 500 жылдықты сахналайды

Аймақ
11.08.2015, 10:29

Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда драма театрының әртістері Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жаңа қойылымды сахналамақ. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасы басшысы Ержан Әбдірахманов хабарлады.

«Қызылордалық өнер сүйер қауымды Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тамаша қойылым күтіп тұр. Сонымен қатар «Мұстафа Шоқай» атты спектакль де көп ұзамай көрермен гназарына ұсынылмақ», - деді ол өз сөзінде.

Е.Әбдірахмановтың айтуынша, жақын арада қызылордалық өнерпаздар қауымы Астана және алматы қалаларына гастрөлдік сапармен шығуды жоспарлап отыр. Сапар барысында Астана қаласында мерекелік концертке қатысады, ал оңтүстік астанада Қызылорда облысының мәдениет және өнер күндері аясында өнер көрсетпек.

«Осы жылдың екінші жартыжылдығына Жиенбай жыраудың 150 жылдығына арналған республикалық термешілер байқауы, ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шаралар, мүгедек баларға арналған «Жүрек жылуы» облыстық фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді басқарма басшысы.

Сұхбат

PhotoRoom