Төлеби ауданында ҮИИД бағдарламасы аясында 9 жоба іске асқан

Аймақ
13.08.2015, 09:44

Бұл туралы «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында Төлеби ауданының әкімі Әуелхан Тұрғымбеков мәлімдеді. 

Жалпы ауданда кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны 15 мыңға жуықтаған. Шағын және орта бизнес саласында өндірілген өнім және көрсетілетін қызметтер көлемі 19 млрд. 965 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 936 млн. тг. артқан. Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында ауыл шаруашылығы саласында 6 млрд. 455 млн. теңгенің өнімі өндірілген. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 614 ірі қара алынып, жоспар артығымен орындалған. Мал шаруашылығы саласында 6 млрд. 194 млн.  теңгенің өнімі өндірілген.

«Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі 3 ұйым іске қосылып, бүлдіршіндерді қамту көрсеткіші 80 пайызға жеткен.

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту бағытында 55 елді мекеннің 51-іне орталықтандырылған ауыз су құбырлары тартылған. Сондай-ақ, осы жылы 3 ауыл газдандырылып, елді мекендерді «көгілдір отынмен» қамту 82 пайызды құраған. Осы және өзге де жетістіктерді кеңінен баяндаған аудан басшысы бұл бағыттағы жүйелі жұмыстардың жалғасатынын мәлімдеді.

Сұхбат

PhotoRoom