Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі

Аймақ
14.08.2015, 17:16

Бүгін осы тақырыпта Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны өңір басшысы Бейбіт Атамқұловтың құттықтау сөзімен ашқан облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов жүргізіп отырды.  

_DSC2834

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин  мен  «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу, талдау» және «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталықтарының» басшылары, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының жауапты қызметшілері, облыстар мен Астана, Алматы қалаларының дін істері басқармаларының жетекшілері, дінтанушы-теологтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және т.б. мамандар қатысты.

_DSC2784

Пленарлық мәжілістен кейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі», «Дін және мемлекет қатынасындағы зайырлылық ұғымының ұстанымы», «Қазақ хандығы тұсында діннің маңыздылығы» тақырыптарында секциялық жұмыстар басталып кетті.

Сұхбат

PhotoRoom