Бұл туралы «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалының директоры Нұрдәулет Үмбетәлиев мәлімдеп, өзі жетекшілік ететін ұйымның алғашқы жартыжылдықта атқарған жұмыстары туралы баяндады.
Филиал басшысы өткен ғасырдың алпысыншы жылдары тартылған газқұбырларын ауыстыру жұмыстары өңірде 2010 жылдан бері жүргізіп келе жатқаныны айтып, Шымкенттегі жаңғырту жұмыстары келер жылы аяқталатынын жеткізді.
Бүгінде Шымкенттегі газдандырылған үйлер саңының артуына байланысты қарапайым тұрғындар тарапынан өтінімдер саны артып келеді. Облыста орта есеппен күн сайын апаттық-диспетчерлік қызметтер 70-тен 100-ге дейінгі өтінімдерді қабылдайды. Алдағы уақытта Шымкент қаласының Қаратау, Еңбекші, Абай аудандарында апаттық-диспетчерлік қызметтің учаскелерін ашу жоспарлануда.
Үсітіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында тұтынушы тұрғындар саны – 240474, коммуналдық, тұрмыстық мекемелер – 6064, өнеркәсіптік кәсіпорындар – 657-ні құраған. Жыл басынан 458 683 мың текше метр газ тасымалданып, босатылған.
Осы және саладағы өзге де атқарылған жұмыстар жайын кеңінен баяндаған Н.Үмбетәлиев тұрғындарды сапалы көгілдір отынмен қамту бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жалғасын табатынын мәлімдеді.
ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі