ОҚО әкімі Әлем чемпионатының жүлдегеріне миллион теңгенің сертификатын сыйлады

Аймақ
20.08.2015, 18:43

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Бразилияның Сальвадоре-де-Байя қаласында еркін күрестен жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Бағдәулет Әлментайды қабылдап, миллион теңгенің сертификатын сыйлады. Сондай-ақ Б.Әлментайдың жаттықтырушысы Тоймұханбет Төребекұлының да еселі еңбегін бағалап, бес жүз мың теңгенің сертификатын берді.

Қабылдау барысында облыс әкімі балуанды жеткен жетістігімен құттықтап, ұлысымыздың ұйытқысы саналатын өңірде спорт саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыс атқарылатынын айтты. Келер жылы өтетін жазғы Олимпиадаға қатысуға үмітті оңтүстікқазақстандық спортшылардың дайындығына қажетті жағдайдың жасалатынын хабарлады. Естеріңізге салсақ, бүгінде облыстың төрт спортшысы, атап айтқанда оқ атудан Ю.Юрьков, Е.Лунина, Р.Юнусметов, былғары қолғап шебері Б.Жақыпов Олимпиада жолдамасын жеңіп алған.

Жиынды қорытындылаған өңір басшысы алдағы күз айларындағы  бірқатар лицензиялық жарыстарға қатысатын спортшыларымыздың лицензия иегері атанып, Олимпиадаға жолдама алатынына сенім білдірді.

Бүгінде Оңтүстік Қазақстанда 80 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері мен кәсіпорындары жұмыс жасауда. Аталған ұйымдарда  спортпен тұрақты түрде шұғылданатын 52 мыңнан астам спортшы мен 1565 жаттықтырушы қызмет атқарады.

ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі

Сұхбат

PhotoRoom