Конституция күніне орай теннистен турнир өтеді

Аймақ
21.08.2015, 17:25

Бұл жөнінде «Оңтүстік» ақпарат орталығында ұйымдастырылған  брифингте Қазақстан Республикасы Теннис федерациясы Шымкент филиалының директоры Валерий Шайбаков пен Ұлттық теннис орталығының  менеджері Гаухар Молдабекова хабарлады.

Еліміздің басты құқықтық құжаты болып табылатын Конституция күніне орай Шымкентте бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында теннистен «Shymkent Mass Media Cup» турнирі ұйымдастырылып отыр. Мұндағы басты мақсат – Ата Заңымыздың 20 жылдығы қарсаңында салауатты өмір салтын насихаттап, Ұлттық теннис орталығы мен БАҚ арасындағы қарым-қатынасты дамыту, тұрғындар мен жастардың тенниске деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Журналистер арасында өтетін спорттық сайыс командалық құраммен олимпиадалық жүйе арқылы өтпек. Шымкент қаласы Б.Момышұлы көшесі бойында орналасқан Ұлттық теннис орталығы турнирге дайындық жұмыстарын жүргізу үшін тегін корттар беріп, қолына қалам ұстаған жандардың жан-жақты дайындалуына мүмкіндік жасамақ.

Жалпы аталған сайысқа қатысуға ниетті БАҚ өкілдері 28 тамыз кешкі сағат 17.00-ге дейін 21-49-24, 30-11-87 телефоны арқылы өтінім білдіруіне болады.

Турнир 29 тамыз күні Ұлттық теннис орталығында өтеді

 ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі

Сұхбат

PhotoRoom