Бағаның негізсіз өсуіне жол берілмейді

Аймақ
24.08.2015, 16:29

image-22-08-15-17_25Елімізде доллардың құны шарықтай бастағанда-ақ, кейбір пысықай кәсіпкерлер халыққа ұсынып отырған тауарларының бағасына өзгерістер енгізе қойғаны рас. Сәл де болса дүрбелеңді пайдаланып, тауар бағасын көтерді. Осы сәтте үкімет басындағы атқа мінерлер мен аймақ әкімдері халыққа ең қажетті деген азық-түлік бағасының өсіп кетпеуін жіті бақылауға алды. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та қаладағы бірқатар сауда қатарларында қалыптасқан бүгінгі бағаның ахуалымен танысты. Топ құрамында "Айна", "Евразия" базарлары мен "Фиркан" сауда қатарының басшылары болды. Сапар барысында азық-түлік пен тұрмыстық заттардың және көрсетілетін қызмет түрлерінің бәз-баяғы қалпында сақталғаны байқалды. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қала әкімі ең алдымен, жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп оқушылары үшін қажетті оқу құралдары мен киімдерінің бағасына айрықша мән беріп, бағаның қалыпты жағдайда екеніне көз жеткізді. Сатушылардың айтуынша, алдағы мерзімде мектеп оқулықтары мен оқушы формасына қатысты баға өзгермейді. – «Тиісті мамандар қала базарлары мен сауда қатарларында күн сайын бақылау жүргізіп, бағаға қатысты маниторинг жүргізетін болады. Біз алдағы уақытта да бағаның негізсіз өсуіне жол бермейміз», - деді шаһар басшысы. Қазіргі таңда Шымкент қаласында арнайы штаб құрылып, баға тұрақтылығын сақтау бағытында жұмыс істеп жатыр.

Қиян ақпарат

Сұхбат

PhotoRoom