Шардарада балық өсіру тәлімбағы қайта ашылады

Аймақ
25.08.2015, 09:10

e1ec93b614a36b559001a88a0590cbd7Шардара ауданындағы кәсіпорындар биылғы жылдың алты айында 2 925,7 млн. теңгеңің өнімін өндіріп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,6 пайызды құраған. Бұл туралы бүгін «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте аудан әкімі Қ.Айтөреев мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz.

ҮИИД бағдарламасы аясында құны 525,0 млн теңгенің 4 жобасы іске асырылып келеді. Бүгінгі таңда 35 гектар аумақта индустриялық аймақтың құрылысы қолға алынып, инженерлік-коммуникациялық жүйелер салынып жатыр.

Шардара су қоймасы жағалауынан балық тәлімбағын қайта құру мақсатында арнайы іс-шара жоспары қабылданып, оның аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды қалпына келтіру, трансформаторларды жөндеу, сорғы стансасын қайта салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биылғы жылдың аяғына дейін бірінші кезеңдегі жұмыстар аяқталып, шабақ өсіретін тоған іске қосылмақ.

Ауыл шаруашылығы саласында 2 159,3 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 102,3 пайызға артқан. Биылғы жылы аудандағы 64 000 гектар суармалы жердің 59 300 гектарына ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып, жоспар толығымен іске асырылған.

Мал шаруашылығын дамыту іс-шарасына сәйкес 2 591,9 тонна ет, 9 429,5 тонна сүт, 1228 мың дана жұмыртқа және 224,3 тонна жүн өндірілген. «Сыбаға» бағдарламасы аясында 2011-2014 жылдары барлығы 52 шаруашылық катысып, 204 бас етті бағыттағы асыл тұқымды бұқа сатып әкелінді, 2014 жылы тұқымдық түрлендіру жұмыстарына 6132 бас аналық мал қамтылды, бұл барлық аналық малдың 60,2 пайызы. Биыл «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1380 бас аналық және 47 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынған.

Биылғы жылы ауданда 7 жаңа әлеуметтік нысанның құрылысы басталып, Қызылқұм, Сүткент, Ақ алтын, Егізқұм және Достық елді мекендерінде газ жеткізетін газ құбырын салу қолға алынды. Одан бөлек, Көксу елді мекенінде орта қысымды газ өткізгішінің құрылысы басталды.

Сайгез ақпарат

Сұхбат

PhotoRoom