ОҚО судьялары «Билерге тағзым» атты тақырыпта велошеру өткізді 

Аймақ
25.08.2015, 09:17

20150824194728Оңтүстік Қазақстан облыстық соты мен Қазақстан Судьялар одағы ОҚО филиалының ұйымдастыруымен «Билерге тағзым» атты тақырып аясында велошеру өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы мерекесіне арналған велошеруге Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріпов бастаған 40 судья қатысты.

Велошеру алдында қатысушылардың атынан облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріпов сөз сөйледі.

«Осы жылы бірнеше мерейтойды: Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституцияның 20 жылдығын атап өтудеміз. Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының ұжымы да айтулы мерекелерге арналған игі іс-шараларды ұйымдастырып, өткізуде. Бүгін біз «Үш би» ескерткішінің жанынан бастап, 40 шақырым жол жүріп, Ордабасы тауындағы «Бірлік» монументіне барғалы отырмыз. Бұл игі шараның мақсаты, бірліктің бастауы болған Ордабасы тауының мәртебесін көтеру» - деді Н.Шәріпов.

Осыдан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Айтаханов пен облыстық спорт саласы ардагерлері кеңесінің төрағасы А.Асқар құттықтау сөз сөйлеп, сәтті сапар тіледі.

Түске таяу судьялар республикалық «Ордабасы» Ұлттық тарихи-мәдени қорығындағы мәреге жетті. Оларды Ордабасы ауданының басшылары мен спорт қайраткерлері және ауыл тұрғындары салтанатты түрде қарсы алып, «Нұр Отан» партиясының Ордабасы аудандық филиалының төрағасы Ж.Бостандық велошеруге қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.

Ордабасы ауданының әкімі С.Сапарбаев, облыстық соттың судьясы А.Елшібаев және ауданның «Құрметті азаматы», еңбек ардагері Р.Битуғанов велошеруге қатысушыларға алғыстарын білдірді.

Н.Шәріпов қатысушыларды велошерудің сәтті аяқталуымен құттықтап, осындай іс-шаралардың жастарға берер тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті.

Сайгез ақпарат

Сұхбат

PhotoRoom