Ауданда ауыл шаруашылық өнімі ұлғайып келеді

Аймақ
25.08.2015, 10:14

IMG_1426Қазығұрт ауданының әкiмi Болатбек Қыстауов 2015 жылдың I жартыжылдығында аймақта атқарылған жұмыстар жөнiнде есеп бердi, деп хабарлайды okg.kz. Облыс әкiмдiгiндегi «Оңтүстiк» ақпарат орталығында өткен брифингте ол 6 айда аудандағы кәсiпорындарда 2012,4 млн. теңгенiң өнiмi өндiрiлгенiн, сөйтiп, нақты көлем индексi 104,3 пайызды құрағанын баяндады. Жеке капиталы және несие қаражаты арқылы 3 цех iске қосылып, 10 адам жұмысқа тартылған. Әкiмнiң баяндамасынан ұққанымыздай, биыл ет өнiмдерi өндiрiсiнiң көлемiн «Компания SERPER invest» ЖШС-i 220 тоннаға, «Қайып ата» ЖШС-i 1000 тоннаға ұлғайтуды, ал, «Сапа – 2002» ЖШС-i жыл аяғына дейiн 1000 тонна өсiмдiк майын шығаруды жоспарлап отыр.

Жартыжылдық есептiң қорытындысында айтылғандай, ауданда жеке iспен айналысып жатқан 6393 шағын және орта кәсiпкер бар. Бүгiнде 10507 адам осы кәсiпкерлердiң арқасында тұрақты жұмыспен қамтылып, нәпақаларын табуда. Шағын және орта бизнес субъектiлерiнiң өндiрген өнiм көлемi 13367,9 млн. теңгенi құрап, жергiлiктi бюджетке салық арқылы 203,7 млн. теңге түсiм түскен.

Бүгiнге дейiн Үдемелi индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша Индустрияландыру картасына енгiзiлген 3 жоба жүзеге асырылса, биылғы 6 айда Индустрияландыру картасы аясында тағы да жалпы құны 925 миллион теңге тұратын 3 жобаны қолға алу мақұлданды. Олар: құрылыс материалдарын шығару, тез әзiрленетiн тағамдар жасау және газды бетон өндiрiсi жобалары. Сонымен бiрге, алғашқы жартыжылдықта Қазығұрт ауданында 8070 млн. теңгенiң ауыл шаруашылығы өнiмi өндiрiлдi. Бұл өткен жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 1700 млн. теңгеге артық немесе өнiм көлемi 126,6 пайызға өскен. Сондай-ақ, осы 6 айда 693 жаңа жұмыс орны ашылған. 576 адам тұрақты жұмысқа орналастырылса, оның 48-i мүмкiндiгi шектеулi жандар.

Болатбек Дүйсенбекұлы бiлiм беру, спорт, мәдениет, ауызсумен қамтамасыз ету, газдандыру, жол және әлеуметтiк салалар бойынша да ауданда атқарылған жұмыстар жөнiнде баяндап бердi. Жиын соңында БАҚ өкiлдерi тарапынан әкiмнiң баяндамасына қатысты сұрақтар қойылып, тиiстi жауаптар алынды.

Сайгез ақпарат

Сұхбат

PhotoRoom