ОҚО медициналық қызмет сапасын арттырады

Аймақ
25.08.2015, 10:21

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық қызметтi үйлестiру бөлiмiнiң басшысы А.Иманалина, Шымкент қалалық №5 емханасының бас дәрiгерi Ж.Сейдалина Елбасының 100 нақты қадамы – Ұлт жоспарын насихаттау мақсатында аудандық аурухана мен емхана ұжымдарының бiрлескен жиынын өткiздi, деп хабарлайды okg.kz .

Топ мүшелерi 80-қадам – «Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруды енгiзу», 81-қадам –«Жекеменшiк медицинаны дамыту. Медициналық мекемелерге корпоративтiк басқаруды енгiзу», 82-қадам – «Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi қасынан медициналық қызмет сапасы бойынша бiрлескен комиссияны құру» жөнiнде кеңiнен әңгiмеледi. 80-қадамда көрсетiлген мiндеттер әлеуметтiк медициналық сақтандыруды енгiзудiң қаржылық тұрақтылығы мемлекет, жұмыс берушiлер мен азаматтардың ортақ жауапкершiлiгi негiзiнде нығайтылатыны айтылды. Бағдарламада бастапқы медициналық-санитарлық көмектi қаржыландыруға басымдық берiлгенi, денсаулық сақтау мекемелерiнде ұжымдық басқаруды енгiзуге көңiл бөлiнгенi сөз етiлдi.

Саладағы жаңа талаптар медициналық көмектiң сапасын арттыруды көздейдi. Осы мақсатта республикалық салалық ведомство жанынан медициналық қызметтiң тиiмдiлiгiн бақылайтын бiрiккен комиссия құру туралы да пiкiр айтылды. Ең басты мәселе – медициналық қызмет көрсету үдерiстерiне алдыңғы қатарлы стандарттарды енгiзу. Бұл – емдiк хаттамаларын сапалы құрастыру, кадрларды даярлау, дәрi-дәрмектермен қамтамасыз ету деген сөз. Осының бәрi медициналық қызмет көрсетудiң сапасын халықаралық дәрежеге көтередi.

Жиынға қатысушылар көкейлерiнде жүрген сұрақтарына толық жауап алды.

Сайгез ақпарат

Сұхбат

PhotoRoom