Шымкенттегі көппәтерлі үйлер көркейтіледі

Аймақ
25.08.2015, 10:28

Республикамыздағы үшiншi мегаполис – Шымкент қаласын мүмкiндiгiнше көрiктендiру мақсатында әлi де қолданыстағы, тағы талай жыл жарамдылығы бар тұрғын үйлердi күрделi жөндеуден өткiзiп, жұтындырып қою бүгiнгi күннiң басты талабы. «Өңiрлердi дамытудың 2020 жылдарға дейiнгi бағдарламасы» және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы» шеңберiнде 2014 жылы республикалық бюджеттiң несиелерi есебiнен 2010,1 млн. теңгеге 34 көп қабатты үй күрделi жөндеуден өткiзiлдi. Ал, 2011–2014 жылдар аралығында 72 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Аталған үйлердiң қасбеттерi әрленiп, шатырлары жаңартылды, инженерлiк жүйелерi ретке келтiрiлдi. Биылғы 1 маусымнан бастап жоғарыдағы бағдарламалар аясында республикалық бюджеттен қаралған 252,1 миллион теңгеге 34 көпқабатты үйдiң күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде. Нысандар жыл соңына дейiн толық тапсырылады. Айта кетерлiгi, тұрғын үйлердi жөндеу тұрғындардың келiсiмi негiзiнде атқарылуда. Бағдарлама аясында қала келбетiн көркейту жұмыстары жалғаса бермек. Бұл кент тұрғындары мен қонақтары үшiн де үлкен сый болмақ.Жалпы, Шымкенттiң шырайы бұдан да жақсара түсетiнiне сенiм мол. Бұған күнi кеше қала тiзгiнiн ұстаған жаңа әкiм Ғ.Әбдiрахымовтың «Шымкенттi әлемдегi ең әдемi, ең қолайлы қалалардың бiрiне айналдыруымыз қажет. Мұнда болған адам қайтарында Шымкентпен қимастық сезiммен қоштасуы керек» деген сөзi дәлел.

Сайгез ақпарат

Сұхбат

PhotoRoom