Шымкентте «Оңтүстік көркі» атты қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі өтеді

Аймақ
25.08.2015, 12:27

2015 жылдың 27 тамызында Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Оңтүстік көркі» қолөнершілер мен қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі өтеді, деп хабарлайды Bnews.kz.

Көрменің басты мақсаты – облыста ішкі туризмді дамытуға ықпал жасау, этникалық туризмді дамыта отырып, ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, қолөнер бұйымдарын жергілікті халыққа таныстыру, ұлттық қолөнер бұйымдарын жасаушыларды ынталандыру.

Көрмеге облыстың қолөнер шеберлері, қолданбалы өнер шеберлері, кәдесый бұйымдарын өндірушілер, кәдесый бұйымдары дүкендері қатысады.

Көрме аясында «Ең үздік қолөнерші» және «Ең үздік кәдесый бұйымы» номинациялары бойынша байқау өткізіледі. Көрме нәтижесінде номинациялар бойынша жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Өткізу мерзімі мен орны: 27 тамыз 2015 жыл, сағат 10.00, Шымкент қаласы Мәделі қожа 2б көшесі, «Бейнелеу өнері» мұражайы.

Сайгез ақпарат

Сұхбат

PhotoRoom