Мақтарал ауданында 69 тұрғын үй пайдалануға берілген

Аймақ
26.08.2015, 09:35

Елбасы айқындап берген «100 нақты қадам» бағдарламасы Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудадарында түсіндіріліп, сол бойынша ары қарай жұмыс істеу мәселелері нақтылануда.  ОҚО Мақтарал ауданының тұрғындары құнды құжаттың маңызына қанықты және аудандық «Нұр Отан» партиясының жарты жылдық есебін тыңдады. Алда бірлесе атқарар жұмыстар жоспарын түзді. Ауданда І-ші жарты жылдықта 3 млрд. 748 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері, 7,7 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген. 115 жер учаскесі пайдалануға беріліп, 69 тұрғын үйдің кілті кезекте тұрған отбасыларға табысталған. Тағы 36 пәтер өз иелерін күтуде. Десек те, айта кететін мәселе жиын барысында партиялық жұмыстарға немқұрайлылық танытып, мемлекеттік бағдарламаларға қырың қарайтын кейбір азаматтардың жұмысы да сынға алынды. Бір жолға ескерту жасалды. Алқалы жиынға партия белсенділерімен қатар аудан ардагерлері қатысты. Қариялар мемлекеттің іргетасын нығайтуға бағытталған «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында  ауданда көптеген түйіткілді мәселелер өз шешімін табады деген сенімде.  Жақсы нәтижелерге қол жеткізуге үміт артады.Жианлған қауым халықты біріктіріп, ұлтты ұйытушы бағдарламаның іске асуына бар күш-жігерлерін сарп ететіндіктерін айтып тарқасты.

Сайгез ақпарат

Сұхбат

PhotoRoom