Халық тұтынатын тауар бағасы тұрақты

Аймақ
26.08.2015, 09:59

Еліміздің барлық аймақтарында валюта бағамының құбылып тұрғанына байланысты азық-түлік пен халық тұтынатын басқа да тауарлардың бағасына қадағалау жасалып жатыр. Бағаны негізсіз көтеруге әрекеттенетін кейбір пысықайлардың жолын бөгеу мақсатында рейдтік шаралар ұйымдастырылуда. Оңтүстік Қазақстан облысының да барлық аудан, қалаларында осындай жұмыстар атқарылуда. Негізі қарапайым жұрт зардап шекпеуі керек. Саудагерлер де ұтылмауы қажет. Осы аралықтағы тепе-теңдікті ұстап тұруды тапсырған билік өкілдері қырағылық танытып отыр. Қазығұрт ауданында әзірге баға тұрақты дейді арнайы құрылған комиссия өкілдері. Әкімдік тарапынан бақылауға шыққан рейдтің негізгі мақсаты азық-түлік тауарлары мен фармацевтикалық өнімдердің  және құрылыс материалдары бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеу. Бүгінде ол үшін аудандағы барлық сауда қатарларының басшыларымен келісімшарт түзіліп рейдтік шаралар жалғасуда.

Қазығұрт  ауданында  8  базар,  22  жанар - жағар май бекеттері,   23 дәріхана  және  құрылыс материалдарын сататын  12 дүкен тіркелген. Ауданда 4 жұмысшы топ құрылды.  85 жауапты қызметкер бекітілді.  Олар барлық дүңгіршектер мен  базарларды  аралып  күніне екі рет  есеп  беріп отырады. Ауданда ахуал тұрақты. Әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының   құны  көтерілмеген.  Көтерме сауда орталығында болған жұмысшы топ кортоп, жуа, қырық қабат, сәбіз, қызанақтардың бұрынғы бағада саудаланып жатқанына көз жеткізді.

Сайгез ақпарат

Сұхбат

PhotoRoom