Сарыағаш ауданында оқу жылының жоспарлары сараланды

Аймақ
26.08.2015, 10:18

Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарында жаңа оқу жылына қызу дайындық жүріп жатыр. Алқалы басқосулар мен келелі кеңестер өткізіліп, алдағы оқу жылында атқарылатын жоспарлар мен межелер айқындалуда. Оқушыларға сапалы білім беру басты назарда. Оқу жылы аяқталған уақытта науқандатып өткізетін жыл қорытындысын шығаратын ұлттық біріңғай тест білім сапасын көрсетеді. Сондықтан, ерте бастан қамданып, жоғары нәтижелі көрсеткішке жетуді мақсат тұтатын білім саласының мамандары білек сыбана кірісетін кез келді. Сарыағаш ауданының әкімі қатысқан алқалы жиында негізінен білім көрсеткішін жақсарту жайы сөз болды. Одан бөлек оқу үдерісіне соңғы жаңалықтарды енгізу,  заманауи тәсілдерді тиімді пайдалану мәселесі де айтылды. Жаңа оқу жылында жастардың білімге деген қызығушылығын одан әрі арттыру мақсатында бірнеше білім ұяларында интерактивті тақталар, арнайы технологиялармен жабдықталған кабинеттер, жаңа үлгідегі спорт залдар салыну жоспарлануда. Сарыағаш ауданында білім сапасының деңгейін көтеру, мектептерде жүйелі жұмыстар жүргізу басты назарға алынып отыр, деді аудандық білім бөлімінің басшысы Ерлан Рысбаев. Конференцияда балаларды білім нәрімен сусындатып, үйретуден жалықпаған, педагогика саласында аянбай еңбек еткен бірқатар ұстаздар қауымы да құрметке бөленді. Аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Іс-шара соңында жаңа жоспарлар түзіліп, нақты шешімдер қабылданды. Бiлiм берудiң мазмұнын жаңарту қолға алынды.

Сайгез ақпарат

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жүктеу

Сұхбат

PhotoRoom