Жиында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының маңызы айтылды

Аймақ
26.08.2015, 10:47

Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсiподақтар орталығының мәжiлiс залында ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң ОҚО бойынша департаментi басшысының орынбасары Берiк Бекжанов кәсiподақтар активiмен кездесу өткiздi. Тақырып Елбасының бес институттық реформасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына арналды. Облыстық кәсiподақтар орталығының төрағасы Досыбай Шерiмқұлов жүргiзген жиынға бастауыш кәсiподақ ұйымдарының басшылары қатысты. Iс-шараны ұйымдастырған кәсiподақтар орталығына ризашылығын бiлдiрген Б.Бекжанов Ұлт жоспарының маңызына тоқталды. Мемлекет басшысының Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» бес институттық реформасын жүзеге асыру – бұл жаһандық iшкi сын-қатерлерге жауап және жаңа тарихи жағдайларда дамыған 30 мемлекеттiң қатарына ену жөнiндегi баянды бағдарлама екендiгiн атап өттi. Сонымен қатар, «Кәсiби мемлекеттiк аппарат құруға» байланысты болатын өзгерiстер мен жаңалықтарға орай өз пiкiрiн бiлдiрдi. Жиында ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң ОҚО бойынша департаментiнiң бөлiм басшысы Гүлжан Мұсабекова «100 нақты қадамның» маңыздылығы, автономиялы кәсiби мемлекеттiк аппарат құру мәселесi жөнiнде баяндама жасады. Бес институттық реформаны жүзеге асыру елiмiздiң әрбiр азаматына, тұтас Қазақстанның болашағына қатысты болғандықтан бұл бағытта ортақ ұсыныстар ортаға салынды, оларды жүзеге асырудың механизмдерi де әңгiме болды.

Сайгез ақпарат

Сұхбат

PhotoRoom