Сенатор Арыс қаласын аралады

Аймақ
26.08.2015, 11:00

Халық қалаулылары өздері сайланған аймақтарды аралап, өңірлердің тыныс-тіршілігімен танысып жүр. Сонымен қатар, Елбасының айқындап берген жоспарларын қараша халыққа түсіндіруді де қолға алған болатын. Елдің жағдайын елді аралаған және солардың ортасында болған адам ғана білетіні бесенеден белгілі. Жоғарыда отырып жұрттың жағдайын білу мүмкін емес. Парламент депутаттары жыл сайын ел аралап, халықтың әлеуметтік-экономикалық ахуалдарымен және сол өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып жатады. Парламентке келгенде үкіметтің алдына өзекті деген мәселелерді көлденең қойып, тиісті қаржы мәселелерін және тағы басқа да көрсетілуі тиіс көмектерге қол ұшын беруді сұрайды. Бұл депутаттың заң шығарушы орган өкілі ретіндегі негізгі шаруаларының бірі. Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов жұмыс сапарымен Арыс қаласында болып қайтты. Сенатор қалада жаңадан салынып, пайдалануға берiлген және күрделi жөндеуден өткiзiлiп жатқан құрылыс нысандарымен танысты. Сондай-ақ, қала әкiмдiгiнде депутат жергiлiктi тұрғындармен, еңбек ардагерлерiмен, мәслихат депутаттарымен, кәсiпкерлермен, партия және қоғамдық бiрлестiк өкiлдерiмен кездесiп, Елбасының 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадамнан» тұратын Ұлт жоспарының мән-мағынасын түсiндiрдi. Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалының бiрiншi орынбасары И.Қалиев, Арыс қаласының құрметтi азаматы Қ.Балқыбеков Ұлт жоспарына қатысты ойларын ортаға салып, өз ұсыныс-пiкiрлерiн бiлдiрдi.

Сайгез ақпарат

Сұхбат

PhotoRoom