Қызылордада Конституцияның 20 жылдығы аталып өтті

Аймақ
26.08.2015, 16:43

Бүгін «Конституция – ұлы істер жаршысы» атты ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған мерекелік салтанатты шара өтті.

- 20 жылдың ішінде біздің Ата заңымыз тәуелсіз еліміздің тез есейіп, бұғанасы қатпаған балаң күйден өз жолы бар, берекелі Ел дәрежесіне дейін жедел жетілуіне жағдай жасады. Өйткені негізгі заң дүние жүзінің ең озық заңнамалық тәжірибесін қорытып, еліміздің ұзақ мерзімді мақсаттарын ескере отырып жасақталды. Ең бастысы Ата заң далалық дәстүр мен халқымыздың ежелгі өркениетінің шеберханасында шыңдалып, бір кездегі билер институты, Жеті Жарғы секілді ұлттық дәстүр мен әдеттің рухын бойына сіңірді. Сондықтан да, Қазақстан Конституциясы әлемнің тәжірибесі және төл мәдениетіміз мен әдебімізге арқа сүйейтін заман талабына сай құжат екенін ешкім жоққа шығара алмайды, - деді құттықтау сөзінде облыс әкімі Қ.Көшербаев.

ACD_3085

Конституция - біздің барлық құқықтық мәдениетіміздің қайнар көзі. Бүкіл Қазақстан халқының қатысуымен талқыланып, қабылданған Конституция өзінің гуманистік ізгілігімен, демократиялық сипатымен және тәуелсіз мемлекетімізді нығайтудағы пәрменділігімен ерекшеленеді.

Салтанатты шарада облыстың дамуына айрықша үлес қосып жүрген азаматтар «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды.

Сұхбат

PhotoRoom