Қызылорда асарлатты

Аймақ
28.08.2015, 20:03

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоры ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2015 жылдың 1 тамыз - 1 қыркүйек аралығында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Асар» республикалық әлеуметтік ынтамақтастық акциясын өткізуде.

Акцияның мақсаты – Ұлы Отан соғысы ардагерлері және тыл еңбеккерлерінің отбасына арнайы барып, олармен кездесу өткізу, қамқорлық көрсету, қолдан келгенше жәрдемдесу.

Республикалық акция аясында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығы және «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен облыстық «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері 18 тамызда Қызылорда қаласындағы соғыс ардагерлерінің үйлеріне барды.  Акция аясында ұйымдастырушылар тоқсан бір жастағы соғыс ардагері Сырғалиев Мақсұт ақсақалдың, Димченко Василий Максимович, Онищенко Иван Прокопьевичтің және Рысбаев Жұмабектің үйлерінде болды. Ардагерлермен әңгімелесіп, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысып, үй шаруашылығына қажетті қол көмектерін беріп, сыйлықтар табыс етті.

Акция бұдан әрі Қызылорда облысының барлық аудандарында жалғасын таппақ.

Сұхбат

PhotoRoom