Айымбетовке отандастары сәт-сапар тіледі

Аймақ
01.09.2015, 18:03

Қыркүйектің екінші жұлдызында ғарышқа үшінші қазақ Айдын Айымбетов ұшады. Байқоңыр ғарыш айлағынан сапарға аттанатын отандасымызбен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, сондай-ақ тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров кездесіп, сәт-сапар тіледі. Вице-премьер ғарышкерге Елбасы сәлемін жеткізді.

Айдын Айымбетов ғарышқа екінші борт инженер ретінде ұшатын болады. Онымен бірге Ресейдің ғарышкері Волков және даниялық ғарышкер Могенсен ұшпақ.

ACD_4033

- Маған осындай үлкен сенім артып жатқандарыңызға алғыс білдіремін және сенімдеріңізді ақтауға бар күш-жігерімді саламын. Қазақ елінің ғарыш саласындағы жетістіктері үшін қуаныштымын. Менің ойымша, бұл сапар отандық ғылымға үлкен серпіліс беріп, одан әрі дамуына үлес қосуға тырысамын, - деді ғарышкер Айдын Айымбетов.

- Бүгін білім күнінде қызылордалық оқушылармен кездескенімде барлығы «Айдын ағаның жолы болсын!» деп ыстық сәлемдерін жолдады. Отандастарымыз үшін бұл үлкен жаңалық. Сапарың сәтті болсын, - деді Қ.Көшербаев, ғарышкерге.

Үкімет басшысының орынбасары «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің мүшесі Айдын Айымбетовке Қазақстан Республикасының Туы мен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі мен Қазақстан Ассамблеясының жалауын табыс етті. Сондай-ақ, жыршы-термешілер ғарышкерлерге арнау арнап, сапарларының сәтті болуына тілектестіктерін жеткізді.

 

Сұхбат

PhotoRoom