Алдағы үш жылдың бюджеті қаралады

Рейтинг
09.09.2015, 10:39

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын жұмысқа алды.

Бюджет жобасы Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдаулары негізінде әзірленген. Сонымен қатар, депутаттар «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016 - 2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасын да өндіріске алды. Қаржы және бюджет комитеті аталған құжаттарға ағымдағы жылдың 11 қарашаға дейін қорытынды әзірлейтін болады.

Айта кетейік, Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне қарағанда 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын әзірлеу кезінде стратегиялық жоспардың жаңа форматы және бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыруға қатысты жаңа тәсілдер қолданылған. Нәтижесінде бұл 2016 жылы бюджеттік бағдарламалардың жалпы санын 519-дан 220-ға дейін азайтуға мүмкін болып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom