Облыс әкімдіктің кеңейтілген мәжілісі өтті

Аймақ
11.09.2015, 10:03

Кеше облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен әкімдіктің кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынға облыс басшысының орынбасарлары мен басқарма басшылары және аудан, қала әкімдері қатысты. Онда облыс әкімінің орынбасарлары өздері жетекшілік ететін салалары бойынша жоспарланып отырған іс-шаралар мен өзекті мәселелер жөнінде және оны шешу жолдары туралы қысқаша баяндама жасады.

Мәжілісте сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды биылғы жылы құрылыс саласында  атқарылып жатқан жұмыстар бойынша мәлімет берді. Оның айтуынша, облысымызда 14 сала бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 46,7 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаржыға 233 нысанда құрылыс және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары жобалық сметалық құжаттары толық аяқталмаған 94 жобаны қысқарту жөнінде ұсыныс берді. Аталған салада өзекті мәселелер де жетерлік. Мәселен, Бәйдібек ауданындағы су қоймасы құрылысын жүргізу барысында құрылысқа бөлінген жер телімі толық шешілмеуіне байланысты, қазіргі таңда көрсетілген учаскеде құрылыс жұмыстарын жүргізу мүмкін болмай тұрғанын айтты.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы Шымкент қаласының бас жоспарын өзектендіру  жобасы әзірленіп жатқандығын да хабарлады.

Облыс көлеміндегі 929 елді мекеннің 667-і орталықтандырылған су құбырымен қамтамасыз етілген. Бұл дегеніміз 2 миллиноннан астам тұрғын ауыз сумен қамтылған деді, жиында облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков. Соған қарамастан, облыста елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілмей отыр. Қазіргі таңда 153 елді мекен дербес су құбырын салуды қажет етеді.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі көтерілген барлық мәселелер бойынша хаттамалық шешімдер қабылданып, бақылауға алынатынын айтып, тиісті сала башыларына жұмысты жүйелеп, айтылған мәселелердің шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

 

 

Сұхбат

PhotoRoom