Қызылордалықтар Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізуде

Аймақ
12.09.2015, 11:35

Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесіне орай бүгін Астана қаласындағы «Думан» ойын-сауық орталығы алдында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілуде.

Сыр елінен жәрмеңкеге жалпы соммасы 71709, 9 мың теңгені құрайтын 424, 19 тонна өнім әкелінді. Жәрмеңкеде аймақтың брендіне айналған Сыр маржанынан бастап жеміс-жидек, көкөніс, ет, сүт және тағы да басқа 37 түрлі өнім нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен сатылуда. Тұтынушылар тауардың сапасын жоғары бағалап отыр. Әрі бағасы қалталарына қонымды екендігін айтуда.

Жәрмеңкеде қызылордалық өнерпаздар мерекелік концерт қойып, жергілікті халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда. Айта кетейік, ауыл шаруашылық жәрмеңкесі екі күнге созылады. Яғни, ертең де қызылордалықтар арзан бағада өнімдерін сатпақ.

Сұхбат

PhotoRoom