Шымкент зообағында сусиыр төлдеді

Аймақ
13.09.2015, 23:29

Кеше Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жұмыс бабымен Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағына барып, онда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала басшысының сапары зообақтағы Ламбада есімді сусиырдың төлдеуімен тұспа-тұс келді. Сала мамандарының айтынша қамауда тұрған сусиырлардың іс жүзінде төлдеуі сирек кездеседі екен. Әзірге сусиыр төлінің жынысы белгісіз. Зообақ директоры Нұрғазы Бұхарбаев бұны карантиндік мерзіммен байланыстырып отыр.

Естеріңізге салсақ, төлдеген бегемот осыдан 23 жыл бұрын Мәскеудің Николаевский хайуанаттар бағынан әкелінген. Оның жұбы Тұрсын деп аталатын сусиыр Шымшаһардағы зообақты 2004 жылы дүниеге келген.

Зообақты қайта жаңғырту мақсатында жергілікті бюджеттен қаралған қаржыға инженерлік-коммуникациялық жүйелер мен әкімшілік ғимаратының құрылысы аяқталған. Қазақстандағы үш зообақтың бірі болып табылатын Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы 1980 жылы құрылған. Екі жүзге жуық аң түрінің екі мыңнан астамы мекендейтін хайуанаттар бағында қайта құру жұмыстары қарқынды жүруде.

​Атқарылған жұмыстармен танысқан қала басшысы Ғ.Әбдірахымов жоспарланған жұмыстарды уақытылы әрі сапалы аяқтау туралы жауаптыларға бірқатар нақты тапсырмалар беріп, жаңа міндеттер жүктеді.

 

Сұхбат

PhotoRoom