Шымкентте мемлекеттік бағдарлама аясында 34 көпқабатты үй жөнделуде.
Бүгінде Шымкент қаласында тозығы жеткен көпқабатты үйлерді мемлекеттік бағдарлама аясында күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды атқарылып келеді. Мәселен, 2011 жылы – 6, 2012 жылы – 24, 2014 жылы – 34 көпқабатты үй жөндеу жұмыстарынан өтсе, биыл облыс орталығындағы 34 үйде осындай жұмыстар іске асырылып келеді. Бүгінге дейін 28 үйде жоспарланған жұмыстар аяқталды, ал қалған алты көпқабатты үйде күрделі жөндеу жалғасын табуда деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.
Бұл мақсат үшін осы жылға республикалық қазынадан қаралған қаржының 85 пайызы игерілді. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары бекітілген кесте бойынша жүргізілуде.