Дуальді оқыту жүйесінің тағы бір тиімділігі

Аймақ
16.09.2015, 17:39

Шымкенттегі жаңа технологиялар колледжінің ұстаздары дуальды оқыту жүйесінің тағы бір тиімді жолын ұсынып отыр.

Шәкірттер білім мен тәжірибені өндірісте ұштастырып қана қоймай, қосымша қаржы табады. Осы мақсатта «Өрлеу, сапа, оқу» деп аталатын арнайы кешен құрылыпты. Жалпы аумағы 15 гектар жерді алып жатқан орталықта колледжде оқытылатын мамандықтарға сәйкес келетін шағын зауыт пен цехтар жұмыс істейтін болады. Онда шәкірттерге жаңа кәсіп ашуына мүмкіндік бар көрінеді, яғни өздері тауар өндіріп, оны тұтынушыларға ұсына алады. Бұл  да болса қосымша табыс көзі ғой.

Студенттер сабақ кестесінің басым бөлігін сол жерде өткізуде. Яғни алған білімін кешенде толықтырады. Өндіріс басында ұстаздары жетекшілік етеді.

[ot-caption title="Өндіріс орнында" url="/uploads/wp-content/2015/09/Рисунок1.png"]

Қанатбек Досәлиев, колледж директоры: - Студенттер 65-70%-ға дейін өндірістік орталықта болады. Жалпы білімді оларға негізі еңбек мәдениетін қалыптастыру үшін оларды жақсылап дайындау мақсатында «Өрлеу, сапа, оқу» оқу өндірістік базасында өтеді.

Шәкірттер біліммен қатар өз кәсібін де игеріп шығады. Жаңа технологиялар колледжінің ұстаздары дуальды оқыту жүйесінің Қазақстандық әдісі келесі жылдан бастап жемісін береді деп отыр.

Сұхбат

PhotoRoom