Қызылорда облысының сайлау комиссиясының төрағасы тағайындалды

Аймақ
17.09.2015, 09:30

Қызылорда облыстық мәслихаттың кезекті 39 сессиясында аймақ басшысы Қ.Көшербаев облыстық сайлау комиссиясының жаңадан тағайындалған төрағасы мен хатшысын таныстырды.

Сайлау комиссиясының төрағасы болып Қорқыт ата атындағы ҚМУ проекторы Абайбек Жүнісов, ал хатшысы Аягөз Сырлыбаева тағайындалды. Бұрынғы комиссия төрағасы Қорғанбек Қайроллаұлы енді төраға орынбасары қызметін атқарса, бұрынғы хатшы Қожамжар Наурызбаев комиссия құрамында жұмысын жалғастырады.

ACD_6148

Олардың ұзақ жылдардан бергі еңбегіне алғыс ретінде республикалық Орталық сайлау комиссия төрағасы Қуандық Тұрғынқұлов адресат жіберсе, ал облыс әкімі Қ.Көшербаев Қызылорда облысының құрмет грамотасын табыстады.

Сұхбат

PhotoRoom