Оңтүстіктегі іскер әйелдер EXPO-2017 көрмесіне өз үлестерін қоспақ

Аймақ
22.09.2015, 21:40

Ертең, 23 қыркүйекте «Әйелдердің «жасыл» экономиканың дамуына және ЭКСПО-2017 ілгерілетуге қосар үлестері» атты дөңгелек үстел өтеді деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында облысымыздағы іскер әйелдердің Елордада өтетін әлемдік шараға қосар үлесі талқыланып, дайындықтың барысы пысықталады. Атап айтсақ, өңірдегі әйелдер басқаратын мекемелердің жұмысы сарапқа салынады. Сонымен бірге, нәзік жандылар басшылық ететін кәсіпорындар арасында облыстық және республикалық байқаулар ұйымдастыру жайы сөз болмақ. Елбасы Н.Ә.Назарбаев ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу және дайындалу үшін республикамыздың барлық облыстарын жұмылдыру жөнінде мақсат қойған болатын. «…Біріншіден, ағымдағы мамандандыру бойынша барлық көлемді облыстар бойынша бөлу керек. Мысалы, оңтүстік облыс - азық түлік, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, солтүстік-азық түлік өнімдері, шығыс пен орталық-көлік жасау», - деген Президент біздің өңірдің үлесіне азық-түлік пен жеңіл өнеркәсіп өнімдерін берді. Осы тапсырманы орындау барысында өңіріміздің нәзік жанды кәсіпкерлерінің қосар үлесі де орасан.

Кездесуді ұйымдастырушы «EXPO&WOMЕN» халықаралық ұйымы. Шымкентте өтетін дөңгелек үстелге аталған ұйымның президиум төрайымы Салтанат Рақымбекова, президиум мүшелері Махаббат Есен, Женісбек Гаухар және басқарма төрайымы Тұрдыгүл Жанысбаевалар қатысады деп жоспарланған.

Сондай-ақ, осы күні «San men Sahna» Халықаралық сән костюмдерінің фестивалі өтеді деп жоспарланып отыр. Фестиваль Оңтүстік Қазақстан облысының жас дизайнерлері арасында «Шымкент Хадишасы» и «ЭКСПО ЭКО МОДА» номинациялары бойынша ұйымдастырылмақ. Дизайнерлердің үздік жұмыстары ЭКСПО-2017 көрмесіне қойылады деген болжам бар. 

Сұхбат

PhotoRoom