Шымкентте «Тіл тазалығы - ұлт мәдениетінің айнасы» атты семинар-кеңес өтті

Аймақ
23.09.2015, 08:54

Тілді шұбарлау – ұлттың түпкі тамырын бұтарлау. Өңіріміздегі тіл жанашырлары осылай деп дабыл қағып отыр. Олардың пайымынша, ана тіліміз әсіресе, тойлар мен қоғамдық көліктерде қорлық көреді. Сондықтан да халық көп шоғырланатын жерлерде тілдің тазалығын мейлінше сақтауға мән берген дұрыс болады.

Осылай деп жүрген тіл мамандары арнайы бас қосу өткізді. «Тіл тазалығы – ұлт мәдениетінің айнасы» деп, семинар-кеңесі деболып өтті деп хабар береді shymkenttv.kz. Онда ана тіліміздің мерейін асқақтату мәселесі жан–жақты толықтай талқыланды. Мамандар қазақ тілі көп жағдайда әлеуметтік желілер мен қоғамдық көліктерде қағажу көріп келеді деп отыр. Сондықтан осы орындарда тіл тазалығын сақтау қажет.

Әйтпесе, әлемдегі ең бай, ең шұрайлы тіл саналатын қазақ тілі тағы біраз жылда шұбарланып, өз биігінен түсіп қалуы да ғажап емес.  Ал, мұндай жағдайда рухани азғындауды болдырмас үшін «жаным – қазақ, қаным – қазақ» дегеннің бәрі бір тонның жағасындай, бір үйдің баласындай болып, мемлекеттік тілдің көсегесін көгертуге, жандандыруға, сондай-ақ тілді сақтап келесі ұрпаққа жеткізу үшін көп күш салуы тиіс.

Сұхбат

PhotoRoom