Қазақстан - сан ұлттардың басын қосқан мемлекет. Біздің еліміз қашан да барша жұртты бауырына басқан. «Андро мен Сандро»... Облыстық әзіл-сықақ театрының ұжымы жаңа қойылымдарын бірлік тақырыбымен байланыстырып отыр. Басты кейіпкерлер - Андро Мен Сандро деген қос ақсақал достық символы ретінде алынған. Еліміздегі әр алуан ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлерін сақтай отырып, өмір сүруін көрермендерге жеткізу – негізгі күш салынған мәселе.
Әзіл-сықақ театры жаңа қойылымның тұсаукесерін Жұмат Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында өткізді. Мұның себебін театр басшылығы былай түсіндірді.
Тағы бір ерекшелік, комедиядағы әрбір рольге екі бірдей актер дайындалды. Бұл дегеніңіз, біріншіден, бәсекеге қабілеттілік болса, екіншіден, кез-келген жағдайда театрда бір рольді ойнауға қосалқы актер дайын болып тұр дегенді білдіреді.
Қойылымды сахнаға алып шыққан дарынды режиссер – Самат Алтаев. 2008 жылы ашылған Облыстық әзіл-сықақ және сатира театры 30 қойылым дайындаған болса, соның 13-інің сценарийін Самат Алтаев жазып шыққан.
Театрда бүгінде 86 қызметкер еңбек етсе, соның 36-сы шығармашылық сала мамандары. Осы қойылымнан соң театр ұжымы Атырау облысына гастрольдік сапармен барып қайтпақ. Мұнайлы өлкеде біздің өнерпаздар «Қазыналы Оңтүстік» деген атпен мәдениет күндері апталығын өткізеді.
Дерек көзі: shymkenttv.kz