Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Сайрамға жасаған жұмыс сапары аясында құрылысы жүріп жатқан мұнай сақтайтын және өңдейтін «STRATUS OIL» кешенінің жұмысымен танысты деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Аталмыш жобаның құны 4650,0 млн. теңгені құрайды. Кәсіпорын алдағы уақытта мұнай өнімдерін өндіру, жинау, сақтау және сату жұмысын атқарады. Сонымен қатар, бензин, дизель отыны мен мазут шығарады. Қуаттылығы жылына 250-375 мың тонна мұнай өңдеуге қауқарлы өндірістік жобаның құны 4650,0 млн. теңге. Кәсіпорын алдағы уақытта мұнай өнімдерін өндіру, жинау, сақтау және сату жұмысын атқарады.
Осыған қоса, бензин, дизель отыны мен мазут шығарады. Өндіріс орны іске қосылғанда 160 адамды жұмыспен қамту көзделуде. Қазіргі таңда ЖЖМ жинау, сақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазан айынан бастап өңдеу жұмыстары басталады. Еңбекқорлығымен ерекшеленетін ауданда өңір басшысы «Green Land» Корпарациясы» ЖШС 90 га жер телімінде тамшылатып суғару тәсілімен интенсивті бау өсіретін шаруашылықты да аралап көрді. Серіктестіктің 85 га жер телімінде алма бауы, 5 га жер телімінде қара өрік көшеттері егілген. Мұнда жеміс-жидекті сақтауға арналған сыйымдылығы 7 мың тоннаны құрайтын қойма жылына 3000-5000 тонна жеміс-жидек сақтайды. 2016 жылдың бірінші жарты жылдығынан бастап 6,78 га жер телімінде жылыжай құрылысы жоспарлануда.
Сайрамдықтардың ұсыныс-тілектерін тыңдаған облыс әкімі халықтың тұрмысын жақсарту жөніндегі мәселелердің шешілетінін айтып, қойылған сауалдарға тұщымды жауап қайтарды.
[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/09/IMG_3661.jpg"]