Шымкент мұнай өңдеу зауыты 30 жылдығын атап өтті.

Аймақ
28.09.2015, 17:12

Оңтүстік өңірдегі ірі кәсіпорынды -  мерейтойымен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахимов құттықтады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласындағы мұнай өңдеу зауыты өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтілді. Оған арнайы іс шара ұйымдастырылды.Бұл кәсіпорынның 30 жылдығы құрметіндегі салтанатты  шара кезінде, қала басшысының «Петро Қазақстан» компаниясының басшысы Вэй Юйсян мырзамен кездесуі болды.

Бұл кездесу барысында бірнеше мәселелер айтылып, тараптар зауыттың перспективаларын талқылаған болатын. Ғабидолла Әбдірахимов ШМОС - бұл қала мен оңтүстік аймағы үшін ғана емес, сондай-ақ тұтастай алғанда бүкіл ел игілігі үшін маңызды кәсіпорындардың бірі екенін айтып өтті.

Вэй Юйсян мырза зауытта жүріп жатқан күрделі жаңғырту жұмыстары жөнінде осыған қоса алдағы жаңа жоспарлары туралы да әңгіме қозғады.

Ол экологиялық К4  және К5 стандарттары деңгейінде дизель отынының сапасын қамтамасыз ететін гидротазарту қондырғысы пайдалануға берілгені жөнінде және жаңғырту аяқталып қалғанын да атап өтті. Осыған орай, дизель отынының сапалық жағы да және экологиялық қасиеттері де біршама жақсарып, оның құрамындағы күкірт  және оның қату температурасы азая түсті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жүктеу

Сұхбат

PhotoRoom