Мұнай сервистік компаниялардың мәселелері талқыланды

Аймақ
28.09.2015, 17:07

25 қыркүйек күні Қызылордада ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтың қатысуымен жер қойнауын пайдаланушылар мен жиналыс өтті.

Жиналыста Қызылорда облысының мұнай кен орындарында мұнай өндіру деңгейін сақтау және қазақстандық жергілікті қамтамасыз етуді дамыту мәселелері талқыланды. Энергетика вице-министрі заңнамаға енгізілетін өзгерістер туралы баяндап берді. Оның айтуынша, келешекте мұнай өндіру деңгейінің төмендеуі және мұнай өндірушілердің табысы азаюын ескере отыра, заңнамаға бірқатар салық жинау жеңілдіктері енгізіледі және бір нысан бойынша бірнеше мәрте салық салу жойылады.

IMG_1350

Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаев аймақтағы жағдай туралы айтып берді. Жеңіл өндірілетін мұнай дәуірі бітті дейді облыс әкімі. Енді жаңа терең өндіру технологияларды енгізуге және экономикамызды әртараптандыруға уақыт келді. Сонымен қатар жергілікті қамтамасыз етуді дамыту бойынша бірқатар мәселе бар. Мысалы, қызметтер бағалары облысымызда республика бойынша ең төмен, оған қоса инфлияция баға қою барысында ескерілмейді. Бұл мәселелер бірнеше мәрте Үкіметте талқыланды, отандық мұнай саласына да қызмет көрсететін компанияларды қорғау бойынша бірқатар ұсыныс дайындалып, ұсынылды. Прмеьер-Министр жобаны қолдады.

Биыл наурыз айынан бастап жергілікті қамтамасыз етуді дамыту бойынша қауымдастық жұмысын бастады. Қауымдастық төрағасы Иса Әлтаев ұйым жұмысы туралы айтып, бірқатар ұсыныс айтты. Мәселен, облысымызда тәжіріибелік – өнеркәсіптік зерттеулерді өткізу және Ресей мен Ұлыбритания ғалымдарымен бірлесе ғылыми орталықты ашуды ұсынды.

Қызмет көрсететін мердігерлердің айтуынша, мұнай компаниялар көп жағдайда «өздерінің» мердігерлерімен жұмыс істеп, тендер нәтижелері бойынша дәлелді жауап бермейді.

- Біз байқауды ашық түрде өткізуді талап етеміз. Бұл мәселе бойынша облыс басшылығы мердігерлерді қолдайды. Егер байқауға дайындығымыз дұрыс болмаса дәлелді қорытынды беріңіз, келесі жолы дайындаламыз. Бірақ жасырын түрде шешім қабылдауға жол бермейміз, - деді облыс әкімі.

М.Мырзағалиев мердігер компаниялардың ұсыныстарын тыңдап, оларды жақын арада министрлікте қарайтындығын жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom