Шымкент əуежайында Duty Free дүкендері ашылуы мүмкін

Аймақ
05.10.2015, 11:51

Əлемге əйгілі тауарлары салықсыз сатылатын Duty Free дүкендері ендігі кезекте Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласының əуежайында да ашылуы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сұрағына жауап бере отырып, «Airport Management Group» ЖШС компаниялары.

«Холдинге кіретін əуежайлар арасында салықсық тауарлар дүкені Шымкент қаласында да ашылуы ықтимал. Себебі, халықаралық бағытта ұшатын жолаушылар саны күн санап артып келеді»,-деп хабарланған компанияның ресми жауабында.

Айта кететін тағы бір жайт, Шымкент қаласының əуежайында жаңа терминал салынбақ. Бірақ, қазір бұл жоба тек əзірлену үстінде. Жоба екі кезеңмен жүзеге асырылатын болады. Жалпы аумағы он сегіз мың шаршы метрді құрайтын жəне сағатына алты жүз адамды қабылдай алатын жаңа жолаушылар терминалы жоспар бойынша 2016-2017 жылдары аяқталуы тиіс. Жобаның екінші кезеңінде терминал он алты мың шаршы метрге дейін кеңейтіледі деп жоспарлап отыр.

«Жаңа терминал базасында көлік-логистика орталығымен бірлесе отырып, əуе-логистикалық хабты дамытудың көзделіп отырғаны тағы бар. 2030 жылға қарай Шымкент қаласында салынатын жаңа терминал арқылы жылына 3 млн жолаушы жүріп-тұра алады»,  делінген хабарламада.

Дерек көзі: ҚазАқпарат

Сұхбат

PhotoRoom