Түлкібас ауданы жеміс-жидек шырынын шығармақ

Аймақ
06.10.2015, 11:23

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков жұмыс  сапарымен Түлкібас ауданына барып, бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабаралады.

Облыс әкімінің орынбасары алдымен Түлкібас поселкесіндегі «Бәйтерек-4» көкініс концервілеу және өндеу бойынша өндіріс базасында болды.Жылына 1,5 мың тонна   өнім өндіруге қауқарлы  бұл кәсіпорын «Бизнестіңжол картасы -2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылып отыр. Мұнда 35 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Сондай-ақ, С.Қаныбеков Керейт ауылындағы «Арсен Ас» ЖШС-нің жеміс-жидек концентраттарын және табиғи сусындар шығаратын цехтың жұмысымен танысты.  Жобаның жалпы құны  600 млн.теңге. Оның ішінде 120 млн. теңгесі өз қаржысы болса, 480 млн. теңгесін АИО «Максимум» шағын несие орталығықаржыландырып отыр. Кәсіпорын өз жұмысын бастағанда қырыққа жуық жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады.

Сапары барысында өңір басшысының орынбасары Кершетас ауылындағы ауыз су жүйесінің құрылысы менЖабағылы ауылындағы   «Арғымақ», «Руслан» туристік  демалыс базаларындағыгаз құбырын өткізу құрылысын аралады. Аталған құрылыс жұмыстары «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

Аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарды бағамдаған  облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков аудан басшысына құрылыстың сапалы жүргізілуін қадағалауды тапсырып, сала мамандарына бірқатар жұмыстарды міндеттеді.

 

Сұхбат

PhotoRoom