Шымкентте электр желілері жаңартылады

Аймақ
07.10.2015, 12:17

Облысымызға электр қуатын тарататын «Оңтүстікжарық транзит» мекемесі өзінің электр желілерін жаңғыртпақ. Бұл мақсатқа 34 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылып отыр. Ендігіде қуат тарататын қосалқы станциялар және электр желілері бағаналарымен қоса бір жаңаланбақ.  

Облыс халқыныңөсуі, жаңа мөлтекаудандарға жарық  жеткізу жұмысын күрделендіре түсуде.  Жаңа кәсіпкерлік нысандарының ашылуы да  электр қуатын тұтыну мөлшерін арттырды. Осының бәрі электр жүйесін жаңғырту  қажеттілігіне алып келді. Түйткілді мәселені шешу 2016-2022 жылдарға арналған бағдарлама аясында реттеліпті.

Цементная қосалқы станциясы осындағы 3 зауыт пен 10500-ден астам абоненті бар 7 көшеге қызмет көрсетіп келген. 1987 жылы іске қосылған трансформатор бүгінде өзінің 40 пайыз  қуатында ғана жұмыс істеп тұр. Салдарынан осы аймақта жарықтың жалп етіп, сөніп қалуы жиілеген. Қосалқы станция жұмысын күшейту осы себептен де өзекті болып тұр. Ал, Ақжар әуе желісі 1976 жылы пайдалануға берілген. Ұзындығы 19 шақырымға жуық. 4,5 мың тұрғын мен маңызды әлеуметтік нысандарды электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

Жүйелерді жаңғырту жұмысына  35 миллард теңге қаржы жұмсалмақ. Бұл салаға мұндай ауқымды қаржы жұмсау бұрын соңды болмаған.

Дерек көзі: "Қазақстан-Шымкент" телеарнасы

Сұхбат

PhotoRoom