13 қазан БҰҰДБ жобалары Қызылорда облысы жергілікті тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған БҰҰ Біріккен Бағдарламасы аясында табиғи апаттар қатерлерін бағалау мен басқару негіздері бойынша семинар өткізеді.
Сырдария өзенінің сағаларында адамның су объектілеріне тигізген антропогендік әсерінің нәтижесінде жаз мезгілінде судың тапшылығы, ал көктемде су тасқынынан селдің болуы, сонымен қатар кыс мезгілінде болатын айрықша су басу болып тұратыны мәлім. Бұл басқа да табиғи апаттар қатерлеріне әкеп соқтырады.
Аталған мәселе аймақта әлеуметтік-экономикалық шиеленісті тудырып, едәуір қаражаттың жұмсалуына септігін тигізеді. Сондықтан табиғи апаттар қатерлерін бағалау мен басқару мәселелері қазір алдыңғы қатарға шығып отыр, және оларды алдын алу әдістемелерін жасап шығару арқылы жергілікті мемлекеттік билік ұйымдарына таңдамалы халықаралық тәжірибе негізінде табиғи апаттар қатерлерін ескеріп, алдын алатын және олардың зардаптарын азайтатын әрекеттер жоспарларын қабылдауға мүмкіндік береді.
Семинарда ҚР Үкіметі мен БҰҰДБ табиғи апаттар қатерлерін алдын алуға бағытталған жобаның ұлттық сарапшылары БҰҰДБ басқа жобаларының әріптестері мен облыстың төтенше жағдай аймақтық бөлімшелерімен бірігіп табиғи апаттар қатерлерін азайтудың өзекті мәселелерімен қатысушыларды таныстырады, соның ішінде: Қызылорда облысы аймағында климаттың өзгеруіне байланысты етек жайған қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар мен оларды болжау, жергілікті қоғамдастықтарды табиғи аппатарды алдын алуға тарту және психологиялық көмек әдістемесін ұйымдастыру қарастырылады.
Сонымен қатар, семинар аясында модульді габиондық құрылыстарды орналастыру көрсетіледі. Арнайы сынамалы телімде Сырдария өзенінің бойында бөгеттерді жедел орналастыру мысалы көрсетіледі.
Сынамалы телімге шығу: 13 қазан 2015 ж., Қызылорда қ., «Шаңырақ» қонақ үйі,
Бокейхан 47 к., 9.45 сынамалы телімге шығу ұйымдастырылады
Қосымша ақпарат алу үшін Айнур Байғожаға хабарласыңыздар , тел.: + 7 7172 476106, 8-777-767-77-99 немесе электрондық пошта бойынша: ainur.baigozha@undp.org
БҰҰ Даму Бағдарламасы, қатысушы-елдердің білім көздеріне, тәжірибе мен ресурстарға қол жеткізуді ұсыну арқылы адам өмірінде оң өзгерістер жасауға көмектесетін даму саласындағы БҰҰ-ның ғаламдық желісі болып табылады. Біз оларға даму саласында ғаламдық және ұлттық мәселелердің шешімін іздеуге жәрдемдесе көмектесе отырып, 177 елдің аймағында жұмыс істейміз.