Шымкентте отандық өнімдердің көрмесі өтті

Аймақ
12.10.2015, 18:07

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болған Шымкент қаласында отандық өнімдердің көрмесі болып өтті. Халықаралық шарада тоқыма өнеркәсібі мен сол шикізаттан дайындалған заманауи киім-кешектер кеңінен таныстырылды. Бұл туралы Оңтүстік Рабат хабарлайды.

Арасында дизайнер, сән маманы, 2005 жылы «Қазақстан аруы» мәртебесін еншілеген Дина Нұралиеваның да аруларға арналған күзгі киімдер топтамасын  кездестіре аласыз. Соңғы үлгілерді тамашалауға келген жерлестеріміздің де қарасы қалың.

Ал шет жақтан арнайы шақыртылған меймандар көрмедегі өнімдерді фотоға түсіріп, талдауды да ұмыт қалдырған жоқ. Бұл шара аясында тұңғыш рет отандық ерлер үшін сәні мен сапасы үйлестірілген киімдер де ұсынылды. «Алтын адам» отандық тігін фирмасы ерлерге арналған костюмның он түрлі классикалық үлгісін әкеліпті.

Салтанатты шарада отандық фирма басшылары көрмеде таныстырылып өткен барлық киімдерді анағұрлым арзан етіп, халықтың қалтасы көтеретіндей   бағаны ұсынатын боламыз деп жеткізді. Айтуларына қарағанда, нарықтағы сұраныс көлемін арттыру үшін киімдердің бағасын түсіру қажет болған екен. Яғни, қазіргі уақытта тігін фирмалары дайын өнім, оның ішінде әр костюмді жиырма мың теңгеден жоғары саудалап жатыр.

Сұхбат

PhotoRoom