Сайрам ауданында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында лекция өтті

Аймақ
13.10.2015, 16:34

Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту мақсатында Сайрам аймағы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен 2015 жылғы 29 қыркүйекте Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының Сайрам аудандық бөлімшесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу, алдын-алу және болдырмау» тақырыбымен лекция өткізілді.

Оған орталық басшысы мен қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының Сайрам аудандық филиалының сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы-аудандық мәслихат депутаты, Ақсукент ауыл округінің әкімі, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және құжаттама бөлімі басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Лекция бастамас бұрын қатысушыларға және жеке азаматтарға «Мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі менің құқықтарым» тақырыбындағы жадынамалар таратылып, Агенттікпен дайындалған нысандағы сыбайлас жемқорлықты түсіну деңгейіне әсерін бағалау жөніндегі анонимді блиц-сауалнама жүргізілді.

Лекция барысында бөлімше басшысы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берсе, Басқарма консультанты Б.Ералиевпен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін заңнамаларда көзделген жауапкершілік жөнінде баяндама жасалып, тақырыпқа сай дайындалған слайд көрсетіліп, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға зияндылығын насихаттайтын бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шара барысында ардагерлер кеңесінің төрағасы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, құқықтық мәдениетті арттыру бағытында өткізіліп отырған іс-шара маңызды екеніне тоқталып, қаьысушыларды еліміздің дамыған мемлекеттер қатарына қосылуға өз үлестерін қосуға шақырды. Лекция соңы азаматтарды жеке мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізумен аяқталды.

Дерек көзі: sairam.gov.kz

 

Сұхбат

PhotoRoom