Оңтүстік Қазақстан облысында күріш шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Өңір диқандары да осыны айтып отыр, соңғы жылдары күріш жақсы өнім беріп бір қуантыпты. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлайды.
Бүгінгі күні облыс бойынша күріш ору жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биылғы жылға Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 3990 гектар алқапқа күріш дәні себілген болатын. Оның бүгінде 1700 гектар алқабын жинау жұмыстары аяқталып, жалпы түсімділігі гектарына елу сегіз центнер өнімді құрап отырғаны белгілі. Ал жалпы алынған өнім көлемі – 9800 тоннаны құрайды. Облысымызда екі аймақ, атап айқанда, Мақтарал және Шардара аудандары, осы күріш егінімен айналысып келеді. Соның ішінде Мақтарал ауданында 2580 гектар алқапқа күріш егілген. Қазіргі таңда өнімнің 900 гектары жиналған, яғни әр гектардан елу алты центнер күріш алынған.
Бүгінгі таңда Мақтарал ауданы бойынша жалпы алынған өнім көлемі 5040 тоннаны құрайды. Ал, Шардара ауданында 1410 гектар алқапқа күріш егіліп, бүгінге дейін 800 гектар алқабы жиналды. Жалпы өнімнің түсімділігі әр гектардан алғанда алпыс центнерге жетеді. Мұнда күріш алқабынан 4800 тонна өнім жиналып бітті.