Жолдар кеңейтіліп, тротуарлар салынады

Аймақ
14.10.2015, 13:36

Шымкент қаласындағы «Қайтпас-1» шағынауданындағы кіші айналма жолын қайта құру жұмыстары бойынша тұрғындарға ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қаладағы №72 жалпы орта мектеп ғимаратында өткен жиынға Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және жер қатынастары бөлімінің өкілдері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты.

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің орынбасары Асылбек Баймұрзаевтың айтуы бойынша, кіші айналма жолын қайта құру жұмыстары бойынша қырық екі нысанда зерттеу жұмыстары жүргізілген. Оның арасынан бес уақытша нысанның бар екені көрінеді.

Қала жолдарының инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар кестеге сәйкес атқарылып келеді. Қазір қаламыздағы Төлеметов көшесіндегі 9 шақырымдық 2-3-ші учаскеде жұмыс қарқынды жүргізілуде. Жоспар бойынша ені тоғыз метрлік қазіргі жолдар болашақта он бес метрге кеңейтіледі. Сонымен қатар, жолдың жиектері тротуарлар мен арнайы суағарлармен қамтамасыз етілмек. Ол үшін бюджеттен 2015-2016 жылға  200 млн. теңге бөлінді, – дейді Асылбек Баймұрзаев.

Мамандардың айтуына қарасақ, қалған учаскелердің жоспар-жобалары қала депутаттарының қатысуымен өтетін алдағы жиында талқыланбақшы. Тиісті қаражат көлемі сол кезде қаралып, жұмыстар 2016 жылдың жоспарына енгізілетін болады.

Дерек көзі: shymkent.gov.kz

 

 

Сұхбат

PhotoRoom