Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов уран өндірушілер үшін метал бөшкелері мен қосалқы жабдықтар шығаратын зауыттардың жұмысымен танысты. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Созақтағы индустриалды аймақта алдағы уақытта жылдық қуаттылығы 10 мың тонна ас тұзын шығаратын кәсіпорын іске аспақ. Аймақ басшысы жаңадан ашылған «Шұғыла нұр» сауықтыру кешенін аралап көрді. Одан кейін соңғы үлгідегі заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген 200 орындық орталық ауруханада болған облыс әкіміне дәрігерлер әңгімелесу барысында травматолог дәрігердің тапшы екендігін тілге тиек етті.
Сонымен қатар, Б.Атамқұлов «Мыңжылқы» мәдениет сарайында зиялы қауым өкілдерімен тілдесті. Қариялар мен жазушылар аймақтың тарихы мен бүгінгі әл-ауқатын айта келіп, облыс әкіміне өз туынды кітаптарын сыйға тартты. Кездесуден соң өңір басшысы орталықтандырылған кітапхана жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда ауданда 376 мың кітап бар. Бұл облыстағы ең жоғары көрсеткіштерді бірі. Оның үстіне жыл сайын ауданның кітап қоры 7-8 мыңға толығып отырады.
Айта өтейік, облыс әкімінің Созақ өңіріне сапары барысында мал шаруашылығы мен атом өндірісін қосалқы жабдықтармен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың жұмысына серпін беру қажеттілігі айтылды.
[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/10/IMG_8017.jpg"]
[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/10/DSC_0169.jpg"]
[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/10/DSC_0016.jpg"]