Түркістан қаласы «Қала күнін» кең ауқымда тойлауда

Аймақ
16.10.2015, 22:31

Бүгін, 16 қазанда Түркістан қаласының тұрғындары «Қала күні» мен «Алтын күз» мерекелерін кең ауқымда атап өтті. Бұл туралы Түркістан қаласының әкімдігі хабарлады.

Қала күніне облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов қатысып, түркістандықтарды мерекелерімен құттықтады. Одан кейін Ерлан Қуанышұлы жаңа әлеуметтік нысандарды аралап, гала концерттің арнайы қонағы болды. Түркістан – бүкіл түрік тілдес халықтардың діни орталығына айналған, 15 ғасырдан астам тарихы бар көне қалалардың бірі. Халқымыздың ежелден іргелі ел болып, оның он бес ханына астана болған Түркістан тарихымызда ерекше орын алады. Бұл туралы Елбасымыз Н.Назарбаев «Түркістанда қазақ хандары таққа отырғызылды. Көршілес мемлекеттердің елшілері қабылданды. Аса маңызды мемлекеттік мәселелер талқыланған жоғары мәртебелі жиындар өткізілді. Ондағы Күлтөбеде үш жүздің игі жақсылары Тәуке ханның басшылығымен қазақ мемлекетінің заңдық негізі – «Жеті Жарғы» қабылдады.

Бір сөзбен айтқанда, Түркістан – қазақ халқының ұлттық мемлекеттілігін дүниеге әкелген алтын бесік әрі оны кемелдендірген өнегелі мектеп», - деп Түркістанның қазақ тарихындағы маңызын айшықтап берді. Түркістанда қазіргі таңда 260 мың халық тұрады. Атап айтсақ, осы жыл ішінде қаланың жалпы өңірлік өнімі 45 миллиард теңгені құраған. Айта өтейік, қала күнін тойлау бір күнмен шектелмейді. Осы орайда қала тұрғындары мен қонақтары түрлі шаралардың куәсі болмақ.

Дерек көзі: ontustik.gov.kz

Сұхбат

PhotoRoom