Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту басты назарда

Аймақ
16.10.2015, 23:03

Бүгін 16 қазан күні  ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ОҚО филиалында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлімдеме берді. Оның айтуынша Оңтүстік Қазақстанда жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында тоғыз мыңнан астам меморандум түзіліпті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аудан, қала әкімдіктерінің, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың арасында 148,5 мың адамды қамтитын 9393 кәсіпорынмен  үш жақты меморандум түзілді. Сонымен қатар, бүгінгі экономикалық жағдайға байланысты тұрмысы төмен елу сегіз мыңнан астам отбасыға қазан айынан бастап үш айға материалдық көмек ретінде жалпы соммасы 348,4 млн. теңге бөлініп үлестірілетін болады, − деді басқарма басшысы.

Биылғы жылдың статистикалық көрсеткіші бойынша облыстың экономикалық белсенді халқының саны 1233,4 мың адамды құрап отыр. Оның 1167,5 мыңы жұмыспен қамтылса, өздігінен жұмыс тапқандардың саны 507,7 мың-ға теңесті.

Бүгінгі өткен брифингте Әсия Темірбаева мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі басты назарда екенін айтып, бүгінде 1871 азаматтың жұмыспен қамтылғанын хабарлады. Ал «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша 775 жұмыс берушімен келісім - шарт түзіліп, 1 712 жас жұмысқа орналасқан.

Сұхбат

PhotoRoom