Биыл - Қармақшы елі үшін жаңару мен жасару жылы

Аймақ
19.10.2015, 12:21

Дихан еңбегі марапат мінберінің алтын тұғыры. Алтын дәнді ысырапсыз жинауда төккен тер, еткен еңбектері үшін бірқатар еңбек озаттарына «Ақтөбе и К» ЖШС төрағасы Нұрлан Іздібаев жыл қорытындысымен жеңімпаздарға жеңіл автокөліктер сыйға тартты.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауынан туындайтын келелі істер мен міндеттерді іске асыру бағытында ауданда ел игілігіне арналған жұмыстар атқарылуда.

Туған өлкеміз биылғы жылы жақсылығымен, жаңалығымен тарихқа енбек. Іргелі істер мен өнегелі өзгерістер, сәнді де сұлу көшелер, жаңарған нысандар, іргелі емхана құрылысы, саялы саябақтар ауданның ажарын кіргізіп күннен күнге аумақ халқын қуаныш пен шаттыққа бөлеуде.

Жосалы кентінің кіре беріс қақпасында өткен тарихымызға тағзым, бүгінгі бақытымызға мақтаныш, гүлденген келешекке сеніммен елдігімізбен бірлігіміздің нышаны болатын менмұндалап «Мәңгілік ел» монументі, қазыналы халық үшін тәрбие мен тағылымы мол орын аймағымыздағы алғашқы этно саябақ,келешекте ауданымыздың  мәдени-рухани  даму орталығына айналуы тиіс -  «Жосалы кентінен кітапхана және мұражай ғимаратының» құрылысы, «Жосалы кентіндегі 250 келушіге арналған емхана», «Қармақшы ауданы ІІІ Интернационалауылындағы дәрігерлік амбулатория»,  «Қармақшы ауданы Ақай ауылындағы дәрігерлік амбулатория», «Жұмыспен қамту -2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша - «Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылындағы екі пәтерлі жеті  тұрғын үй» және  «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында «Жосалы кентінде 12 тұрғын үй салынып» пайдалануға тапсырылып кезекте тұрған жас отбасылар тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Сонымен бірге Киелі Қармақшы елінде орналасуымен өңіріміздің  мақтанышы болып отырған маңызды ғимарат -  Қорқыт ата кешенін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, келушілердің көз қуанышына айналды.

Сұхбат

PhotoRoom