Биыл Қармақшы ауданында екінші мәрте жасындай жарқ еткен жұлдыз, жаста болса ауданның спорт әлеміне өзіндік үлесін қосқан Нысанбаев Ерлан Бақытжанұлын еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасында облыстық турнир өз мәресіне жетті.
Жарыс қортындысы бойынша 2002-2003 ж.т 32кг салмақта І орын Әдылбек Бекзат (Жалағаш), ІІ орын Әбілқасым Әлішер (Арал), ІІІ орын Сансызбай Арман (Қармақшы), ІІІ орын Қанибайұлы Шыңғыс (Қармақшы); 50 кг. салмақта І орын Ратов Данияр (Қазалы), ІІ орын Әділбеков Әкімжан (Қармақшы), ІІІ орын Сағал Жаңабай (Мәдениет), ІІІ орын Мейірбекұлы Дәурен (Қармақшы), 63 кг. салмақта І орын Сәтбаев Рахат (Қармақшы), ІІ орын Әбибекұлы Шыңғыс (Қармақшы), 46 кг (қыздар) І орын Балкирова Фариза (Қармақшы), ІІ орын Амангелді Арайлым (Арал), ІІІ орын Бұрхан Қуаныш (Қазалы);
2000-2001 ж.т 34 кг салмақта І орын Ақтаев Қолғанат (Қармақшы), ІІ орын Өтепов Айбек (ІІІ-Интер), ІІІ орын Тұқымбай Азамат (Жалағаш), ІІІ орын Тиыштыбай Әділ (Қармақшы), 38 кг салмақта І орын Демеуов Рауан (Қармақшы), ІІ орын Балтабаев Дидар (Қармақшы), ІІІ орын Әбжали Жантас (Мәдениет), ІІІ орын Ерлінұлы Нұркен (Мәдениет), 42 кг салмақта І орын Ибадуллаев Кенже (Қармақшы), ІІ орын Мұратұлы Думан (Мәдениет), ІІІ орын Пірназаров Бақытжан (Қармақшы), ІІІ орын Жәкібаев Бақыт (Арал), 46 кг салмақта І орын Назымбетов Бақытжан (Қармақшы), ІІ орын Төлеу Шоқан (Қармақшы), ІІІ орын Қадырбай Әбдірахим (Байқоңыр), ІІІ орын Жаржан Мейіржан (Қазалы), 48 кг салмақта І орын Жүсіпбеков Емберген (Арал), ІІ орын Кеңес Абылайхан (Қазалы), ІІІ орын Амангелді Әділ (Жалағаш), ІІІ орын Әлжанов Әлібек (Арал), 50 кг салмақта І орын Сейтжанов Нұрдәулет (Қармақшы), ІІ орын Серікбаев Ерсін (Қармақшы), ІІІ орын Алтаев Дулан (ІІІ-Интер), ІІІ орын Жалғас Жұбаныш (Қазалы), 52 кг салмақта І орын Айдархан Бекарыс (Жалағаш), ІІ орын Бекмұрзаев Данияр (Қармақшы), ІІІ орын Қуантай Ұлан (Байқоңыр), ІІІ орын Ырзабаев Жасұлан (Байқоңыр), 57 кг салмақта І орын Қалила Наурызбек (Арал), ІІ орын Қазиханов Ерсұлтан (Қармақшы), ІІІ орын Кәжденбеков Жандос (ІІІ-Интер), ІІІ орын Меңіқара Алмас (Байқоңыр), 60 кг салмақта І орын Қалжан Елдос (Қармақшы), ІІ орын Илиясов Асылжан (Тұрмағамбет), ІІІ орын Мырзадинов Ерлан (Байқоңыр).
Айта кетейік, 15-18 қазан аралығында денешынықтыру және сауықтыру кешенінде (ФОК) Ерлан Бақытжанұлы Нысанбаевты Ерлан Нысанбаевты еске алуға арналған бокстан 200-2001 және 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнир басталған боатын.
Биыл 2-ші рет жалауын көтергелі отырған турнирге Қызылорда, Байқоңыр қалаларынан және Арал, Қазалы, Жалағаш, Қармақшы ауданынан барлығы 80-нен аса былғары қолғап шеберлері қатысуда. Аталған спортшыларымызға 8 ұлттық дәрежедегі төрешілер төрешілік жасады.
Спорттық шараның негізгі мақсаты Ерлан Нысанбаевты еске ала отырып, жасөспірімдер арасында бокс спорт түрін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, боксшылардың спорттық шеберлігін шыңдау.
Нысанбаев Ерлан Бақытжанұлы 1989 жылы Жосалы кентінде дүниеге келген. Жастайынан спортқа жаны құмар Ерлан 2002 жылдан бастап аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне бокс үйірмесіне қабылданып, аз ғана уақыттың ішінде өзінің жеңіске деген құштарлығымен өз қабілетін бала күнінен-ақ таныта білді. Ерлан 9 сыныпты бітірген соң Алматы қаласындағы әскери спорт колледжіне оқуға түсті. Алматы қаласындағы 69 кг. салмақтағы құрама мүшесінің бірінші нөмірлі боксшысы болды. Талай жарыстарда жүлдені қанжығасына байлап, Қармақшы ауданының намысын асқақтатты.