Отырар ауданында 35 мың тонна жүгері жиналды

Аймақ
20.10.2015, 11:10

Отырар ауданының шаруалары бүгінде қызу еңбекке кірісіп кеткен. Жүгерінің отаны саналатын өңір шаруалары биылғы науқанда отыз бес мың тонна жүгері жинады деп жазады Оңтүстік Қазақстан газеті.

Отырар аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Батырхан Сыздықовтың айтуына қарағанда, жергілікті шаруалар биыл жеті мың гектарға жүгері егуді жоспарлап, оны он екі гектарға асыра орындаған. Ауданда былтырғы жылы 280 гектар жерге тамшылатып суару әдісі қолданған болса, биыл оның көлемі төрт есеге дейін артып, 1204 гектарға жеткен екен.

Тамшылатып суару әдісін аудандағы «Отырарагроөнімдері» ЖШС-і де кәдеге жарата бастаған. Шаруа қожалығы биыл 400 гектар алқапқа жүгері егіп, әр гектардан қырық центнерден түсім алыпты. Жалпы алғанда, аудан бойынша 400-ден астам диқан жүгері егіп, нәпәқасын айырып отыр деседі.

Отырардың тағы бiр басты жаңалығы, жуырда ғана ауданда он мың тонна дән қабылдауға дайын «Отырар-дән» жүгерi кептiру және сақтау зауыты iске қосылды. Енді жергілікті жүгері өндірушілер өнiмдерiн өткiзетiн жер iздеп сабылмайтын болады, яғни олар зауытпен тікелей жұмыс жасап, өз уақыттарын біршама үнемдемекші.

 

Сұхбат

PhotoRoom